күні өзіне-озі қайрат беріп: "Қой, бүйтіп күйік үстіне жалқын салмайын, өзімдікі қабырға бірге түсетін күйік қой, енді тағы Ахметті күйдіріп, кәрі әке-шешесінің обалына қалмайын; бірдеңеміз елге сезіліп қалса, Ахмет байғұстың талқанын шығарады ғой; сонда олардың көз жасы, қарғысы менің мойныма болмағанда, кімге?.. Бес-он күндік ойын үшін, әрі өзімді, әрі оны қараландырып, жұртыма да, құдайға да ұятты болмайын; жанған жаным жана берсін: обалымыз қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай, солға басқан қазақтың қара ғүрпына болсын. Бейшараның жанына батыра жазып, көңілін суытайын